Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 8 тамызындағы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дайындық барысына арналған отырыста бірқатар мәселелерге назар аударды. Онда Елбасы Қазақстанның Ұйымда төрағалық етуі әлемдік экономикалық дағдарыстың жалғасу, энергетикалық және азық-түлік тапшылығының қауіпті кезеңге жету, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімінің, жалпы адамзат қоғамы болашақ қарым-қатынасы архитектурасының көптеген мәселелер бойынша тұйыққа тіреліп тұрған жағдайына сәйкес келгендігін атап өтті. Олай болса, Ұйымда төрағалық ету барысында қауіпсіздік мәселесі басты басымдықтардың біріне айналатыны анық. ЕҚЫҰ соңғы жылдары қақтығыстардың алдын алуға және шиеленісті аймақтардағы тұрақтылықты сақтауға ден қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзіндік саясат ұстанып келеді. Кеңестер Одағы кезінде Ұйым негізінен еуропалық қауіпсіздікті арттыруға күш салды. Екі әскери-саяси блок (НАТО мен Варшава шарты ұйымы) бір-біріне қарсы тұрды. Одақ ыдырағаннан кейін соңғысы өз-өзінен тарап, әлемдік сахнада Солтүстік альянстың рөлі арта түсті. НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі Ресейге ұнамайды. Әйтсе де солтүстік көршіміз НАТО-ны қауіпсіздік саласындағы маңызды әріптесі санайды. Өйткені, соңғы кездері аймақтық қауіпсіздік мәселелерінде жеке елдердің реңкі басым бола түсуде. Осы бір әскери-саяси блоктағы АҚШ-тың маңызды рөл атқаратынын ескерсек, Ресейдің қауіпсіздік саласындағы негізгі әріптесі де Құрама Штаттар болатыны анық. Мұндай маңызды рөлге ЕҚЫҰ да ие болуға ниетті. Алайда, Ресей тарапының Чешенстан мәселесінде Ұйым ұстанымымен алшақ кетуі оның ықпал ету аясын тарылтып отыр. Ыстамбұл саммитінде Ресейдің чешен жеріндегі іс-әрекеттері қатты сынға алынса, солтүстік көршіміз Еуропадағы НАТО қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады деп танитынын байқатты. Осылайша, қауіпсіздік саласында кейбір қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны белгілі. Ал еліміз ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі барысында бұл проблеманы үйлестіруде өзіндік рөл атқара алар еді. Прага қаласында өткен ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кеңесінде (1992 жылғы қаңтар) Бітімгершілік миссиясын жоспарлау жөніндегі орталық рөлін арттыру шешімі шығарылған-ды. Ондағы мақсат Ұйымға мүше мемлекеттер аумағындағы қақтығыстардың алдын алу және дағдарыстық жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп тұру болатын. Өкінішке қарай, Ұйымның қақтығыстардың алдын алудағы белсенділігі әлі өз дәрежесінде емес. Біз мұны ЕҚЫҰ-ның Босния мен Герцеговинадағы миссиясынан анық байқай аламыз. Ұйымның қызметі тек мұндағы қақтығыстан кейінгі жағдайды реттеумен ғана шектелді. Мұндай ұлттар араздығы мәселесінде әлі көптеген шикіліктердің барлығы көрінді. Осы орайда еліміз Ұйымда төраға ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіріп отыратын институт тәжірибесін ұсынбақ. ЕҚЫҰ 1998 жылы Косоводағы миссиясын жауып, сербтер мен албандар арасындағы бітімгершілік миссиясын жүргізуді НАТО-ның қарамағына табыстауы осы бағыттағы жұмыстың әлі де жеткілікті жүргізілмей келе жатқандығын байқатса керек. Қазақстан этносаралық қақтығыстардың алдын алуда өзіндік тетіктерді ұсына алатын ел ретінде танымал. Егер Қазақстан албандар мен сербтерді, армяндар мен әзірбайжандарды биылғы төрағалығы барысында татуласу қадамына жетелей алып жатса, онда бұл еліміз абыройын асыратын үдеріс болатыны ақиқат. Жоғарыда айтып өткеніміздей, осы мәселелерде біздің стратегиялық әріптесіміз – Ресейдің ықпалы басым екенін ескерген де артықтық етпейді. Сондай-ақ, соңғы жылдары Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ықпалдастық артып келеді. Бұл аймақ кәрі құрлықты қажетті отын-энергетикалық қорымен ғана емес, жерінің географиялық орналасуымен де қызықтырады. АҚШ, Ресей, Қытай сияқты алпауыт елдер аймаққа ықпал етуді күшейту үшін барын салуда. Ал Қазақстан аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай рөл атқарушы ел ретінде танылып үлгерді. Олай болса, еліміз көршілердің проблемаларын халықаралық беделді Ұйым төрінен көтеруге мүмкіндік алып отыр. Бірақ, бұл өте қиын проблемалар болып табылады. Өйткені, экологиялық қауіпсіздік, терроризммен күрес және есірткі саудасы аймақтағы елдердің барлығына тән күрделіліктер. Бірақ, қалай дегенде де, Ұйымда төрағалық ету барысында аталған проблемалар назардан тыс қалмайтындығына сенім мол. Себебі, аталған проблемалар тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, сонымен қатар, Еуропа құрлығына, тіпті жаһандық деңгейде де қауіпті. Ауғанстан жеріндегі тұрақтылықты сақтауда әлі де жағдай бір ретке келе қойған жоқ. Әлем жабылып оның “террористерді дайындау ошағына” айналып кетпеуі үшін күресуде. Сонымен қатар, “ауғандық есірткі” деген атауға ие болған есірткі тасымалына тосқауыл қойылмаса, онда бұл “ақ өлім” Еуропа рыногына бүгінгіден де емін-еркін еніп кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде қаншама тосқауыл қойылғанымен, есірткі саудасы әлі де бәсеңдер емес. Еліміз Ұйымда төрағалығы барысында осы мәселеде де жүйелілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда көптеген елдердің ядролық бағдарламаны жүзеге асыруға деген талпынысы байқалып отыр. Бұған Солтүстік Корея мен Иран ядролық бағдарламаларын жүзеге асыра бастауын жатқызуға болады. Ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта дамытамыз дегендеріне қарамай, ядролық қаруы бар елдер мұндай қауіпті қару террористердің қолына тиюі мүмкін деп қауіптенеді. Осы ретте Қазақстан жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен бас тартқан ел ретінде әлемдік қауымдастық тарапынан тиісті деңгейде бағасын алып келе жатқанын да айта кету ләзім. Сонымен қатар, Қазақстан жаппай қаруланудың алдын алуға құрылған көптеген халықаралық шаралардың өтуіне мұрындық болуда. Енді әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартқан, бейбіт саясат ұстанған ел ретінде Қазақстан әлемдік беделді Ұйым мінберінен өз ойын ашық айтып қана қоймай, осы бағытта нақты талап қою құқын да иеленіп отыр. 2010 жылы Ұйымдағы төрағалыққа сайлануының астарында осындай қадамдарды мойындауы жатқандығын аңғару да қиын болмаса керек. Түптеп келгенде, Қазақстан Ұйымда төрағалығы барысында оның қауіпсіздік проблемаларын алдыңғы кезекке шығаратыны анық. Еуропа құрлығында Ресейдің маңызды рөл ойнайтынын ескерсек, онда еліміз солтүстік көрші қолдауына сүйене алады. Оның үстіне еліміз көптеген ұйымдарда белсенді әрекет етіп, жекелеген елдердің сеніміне де ие болып үлгерді. Бұлардың барлығы шешуші факторға айналуы тиіс. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.
«Таза Қазақстан» • Кеше
Ел өңірлерінде азық-түлік бағасы қандай
Қоғам • Кеше
Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды
Спорт • Кеше
ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады
Денсаулық • Кеше
Балалар арасындағы семіздік дерті акцизбен шешіле ме
Медицина • Кеше
Алматылықтар 1704 метр лағман дайындап, рекорд орнатты
Рекорд • Кеше
Бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған
Аймақтар • Кеше
«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді
Өшпес даңқ • Кеше
Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды
Университет • Кеше
Жол сапасын арттыратын жаңа технология жасалды
Логистика • Кеше
Ғылымға шет тілін шегелеудің қажеті бар ма
Білім • Кеше
Бауыржан Момышұлының батальонында болған майдангер
Өшпес даңқ • Кеше
Отандық бидай жаңа нарыққа шыға бастады
Шаруашылық • Кеше
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Оқиға • Кеше
Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр
Оқиға • Кеше
7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді
Өшпес даңқ • Кеше
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Қоғам • Кеше
Еліміздегі 475 кәсіпорын жекешендіріледі
Үкімет • Кеше
Жемқорлық қай өңірде жиі тіркеледі
ANTIKOR • Кеше
Ғани Бейсембаев оқушылардың шағымына жауап берді
Оқиға • Кеше
Биылғы оқу жылы қай күні аяқталады
Қоғам • Кеше
Катонқарағай паркінде қар барысы екі рет фототұзаққа түскен
Табиғат • Кеше
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Өшпес даңқ • Кеше
Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
Туризм • Кеше
Жеті өңірде каналдарды тазарту жұмыстары басталды
Шаруашылық • Кеше
Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Павлодар облысында шенеуніктер жұмыс уақытында шетелге шыққан
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді
Медицина • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды
Қоғам • 01 Мамыр, 2025