Болгариялық «Левски» клубының басшысы Спас Русев келесі жылы командасына «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойловты шақыруға ниеттеніп отыр. Бұл туралы ол Sportal.bg порталына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады vesti.kz.
«Расында, біз Стойловты командаға шақыруға ниеттіміз. Бірақ, бұл істі биыл емес, келер жылы жүзеге асыруға тырысып көремін. Өз басым бұрынғы бапкеріміз Любко Петровичтің ұжымнан кеткенін қалаған жоқпын. Керісінше, оның маусым соңына дейін жұмысын жалғастырса деп едім. Венгер немесе Фергюсон секілді мамандар қызмет етсе үлкен арманымның бірі орындалған болар еді. Ал қазіргі Елин Топузаков бізбен бірге ұзақ болады деп ойламаймын.», – дейді Русев сұхбатында.
Айта кетейік, Станимир Стойлов 2003-2008 жылдар аралығында «Левски» командасын жаттықтырған еді. Ал «Астанаға» 2014 жылдан бастап жетекшілік етіп келеді. Бапкердің келісімшарты 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін
Футбол • Кеше
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Кеше
Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Кеше