Экономика • Бүгін, 18:43

Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Экономика үйінде «Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, Конституциялық реформаның ел дамуына ықпалы талқыланды. Жиынға жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысып, конституциялық өзгерістердің институционалдық жаңғыру мен инвестициялық тартымдылықты арттырудағы рөліне баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды

Кездесуді Экономикалық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты Азамат Нұрсейітов жүргізді. Ол экономикалық саясат жаңа басқару моделіне бейімделіп, ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

Институт басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Нығметов сарапшылардың ашық пікір алмасуы жүйелі реформалар кезеңінде мемлекеттік шешімдер қабылдауда маңызды екенін айтты.

Экономика ғылымдарының докторы, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жанындағы Экономика институтының бас директоры Еркін Садықов экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, өнеркәсіпті дамыту, өңдеуші секторға инвестиция тарту, бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру және инновациялық белсенділікті күшейту стратегиялық міндеттердің алдыңғы қатарында. Сондай-ақ жаңа конституциялық заң мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі мен экономикалық шешімдердің ашықтығына қойылатын талаптарды күшейтеді деді.

Аида Балаева: Жаңа Конституцияны халықтық деп атауға толық негіз бар

Экономика ғылымдарының докторы Сара Алпысбаева соңғы 12 жылдағы макроэкономикалық үрдістерге талдау жасады. Осы кезеңде жалпы ішкі өнім 236,6 млрд доллардан 291,2 млрд долларға дейін өскенін, халық саны 18,3 пайызға артып, 20 миллионнан асқанын айтты. Еңбек өнімділігі 27,6 мың доллардан 26,9 мың долларға аздап төмендегенімен, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 10,7 пайыздан 12,4 пайызға дейін ұлғайған.

Сарапшының айтуынша, қазіргі демографиялық және экономикалық үдерістер өңірлердің теңгерімді дамуына мүмкіндік береді. Бүгінде үш ірі мегаполис елдің жалпы ішкі өнімінің 37,8 пайызын қалыптастырып отыр. Осы әлеуетті тиімді пайдалану үшін Институт 20 өңірді қамтитын экономикалық-математикалық модель әзірлеген. Бұл құрал өңірлік саясатты ғылыми негізде жүргізуге жол ашады.

Саяси ғылымдар докторы Ғабит Матаев Конституциялық реформаның өңірлік дамуға ықпалына тоқталды. Оның пікірінше, жергілікті билік өкілеттігінің кеңеюі инвестициялық саясатты дербес жүргізуге, кәсіпкерлікті дамытуға және ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Арнайы құқықтық режим енгізу жедел дамитын қалалар мен индустриялық аймақтардың қалыптасуына серпін береді деді.

Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін

Институттың сараптама орталығының өкілдері Айдана Байқанова мен Алёна Шевцова мемлекеттік қызметтің экономикадағы рөліне талдау жасап, сервистік модельдің оң нәтиже беріп отырғанын жеткізді. Болжам бойынша, 2029 жылға қарай мемлекеттік қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі 75 пайызға жетеді, еңбек өнімділігі мен кадр тұрақтылығы артады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік институттарға деген сенімді күшейтеді.

Талқылауға онлайн форматта «Торайғыров университетінің» өкілдері де қатысып, экономикалық реформаларды ғылыми сүйемелдеудің маңызын атап өтті. Сарапшылар жаңа институционалдық модель ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және басқару сапасын жетілдіруге бағытталған белсенді экономикалық саясатты талап етеді деген ортақ пікірге келді.

Фото

Жиын қорытындысында қатысушылар Конституциялық реформаның іске асуы экономикалық өсімге қуатты серпін беріп, институционалдық ортаны нығайтады деген сенім білдірді.

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Қазақстан • Бүгін, 17:02