Қазақтың «Әке көрген оқ жонар» деген сөзінің растығына мектеп оқушысы Ерғали Нұрғалиұлының көлік құрастырғанын білгенде илана түсесіз. Оның атасы Ғилаж қария да бір кездері кеңшардың «К-700» аталатын алып тракторын жүргізген. Техниканың тілін әкесі Нұрғали да жетік біледі. Ол «КамАЗ» жүргізумен шектелмей, бірнеше көлікті ұршықша үйіреді, дейді ауылдастары.
Ауласынан техника үзілмейтін отбасында тәрбиеленген Ерғалидың техникаға әуестігі бала кезінен байқалыпты. Ол қазір шағын болса да жеке көлігін құрастырды. Әзірге екі адамға арналған.
– Әуелі қаңқасын құрастыруға төрт қырлы темірді пайдаландым. Содан соң «ИЖ» мотоциклінің моторын орнаттым, – дейді Ерғали Нұрғалиұлы. – Беріліс қорабына «Жигулидің» тетігін қолдандым.
Ерғали Нұрғалиұлы қазір Исатай ауданындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11-сыныбында оқиды. «Жас ұлан» ұйымы мен «Жас техник» үйірмесінің белсенді мүшесі. Талапты оқушының ескі жабдықтар арқылы құрастырылған көлігі әлі де жетілдіруді қажет ететін болар. Дегенмен, оның ынтасы ауылдастарын қуантып отыр.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Саясат • Бүгін, 08:23
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Қазақстан • Бүгін, 08:17
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Өнер • Бүгін, 08:15
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Саясат • Бүгін, 08:13
Спорт • Бүгін, 08:10