Бүгінде Жаңа жыл мерекесінің басты дайындығы көздің жауын алғандай етіп шырша безендіру мен кең дастарқанды жайнатып қою ғана емес, отшашудың алуан түрін молынан сатып алуға деген ұмтылысқа ұласып кетті. Жаңажылдық түнгі аспандағы «отшашу бәйгесіне» атсалысуға әсіресе, бала атаулының әуес келетінін ескерсек, әлбетте, ең алдымен қауіпсіздік жағын естен шығармауға тиіспіз.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы сапасыз пиротехника өнімдерін анықтау мақсатында, заңсыз өнімдерді сататын орындарға тексеру жұмыстарын жүргізуге кірісті.
ТЖД инженерлік-инспеторлық құрамы тарапынан жыл сайын мереке қарсаңында қатаң жүргізілетін тексерулердің арқасында, заңсыз жолмен сатылатын пиротехникалық өнімдерді сатудың уақыт өткен сайын азайып келе жатқандығын айта кету керек. Кәсіпкерлер де кейінгі жылдары отшашу бұйымдарын заңсыз сатуға сақтықпен қарап, сертификатталған өнімдермен саудасын қыздыруға бет бұра бастады. Тұтынушылардың өздері де жеке бас қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлетін болғандықтан, жаңажылдық отшашуларды тек арнайы дүкендерде сатып алуға ұмтылатын болды.
Солай десек те, түрлі-түсті отшашу, шулы шартылдақ сияқты өнімдерді пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына мән берген ТЖД қызметкерлері пайдаланар алдында пиротехникалық бұйымның қолдану нұсқаулығын мұқият оқып шығуға, өнімдерді қолдануға қатысты шектеулерді қатаң сақтай отырып, тұтатар алдында қауіпсіз алаң таңдап алуға, отшашудың жарамдылық мерзімі мен дайындалған уақытына айрықша көңіл бөлуге, қолдану тәсілі жөніндегі мәтіннің қазақ және орыс тілдерінде анық әрі айқын қаріптермен түсіндірілгеніне мән беруге кеңес береді.
Осындай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана отшашудан тараған жұлдызды өрнектер сұлулығын тамашалап қана қоймай, мерекелік көңіл күй мен қуанышқа да кірбің түспейтінін ұмытпаған абзал дейді мамандар.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Саясат • Бүгін, 08:23
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Қазақстан • Бүгін, 08:17
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Өнер • Бүгін, 08:15
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Саясат • Бүгін, 08:13
Спорт • Бүгін, 08:10