қазақ балалары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына керемет тарту жасады
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық».
Көреген Абай елдің ел болуы үшін керекті нәрсені 2-ақ сөйлемге түйіп айтып кетті. Абай сөзін ұққан өткен ғасырлардағы қара танымайтын талай қазақ баласы білімге ұмтылды. Сол ұл-қыздардың арқасында бізге тәуелсіздіктің де таңы сібірлегені өтірік емес. Ал еркіндік келешек ұрпаққа үлкен мүмкіндіктердің есігін ашты. Бұл мүмкіндіктерді мүлт жібермей келе жатқан қазақ балалары да жоқ емес.
Күні кеше мектеп оқушылары арасында информатикадан өткен «Бүкілресейлік Командалық Олимпиаданы» тұңғыш рет қазақ балалары ұтып алды. Аты ресейлік болғанымен бұл олимпиаданы ашық чемпионат деп айтқан жөн. ТМД елдері бойынша жарысқа жыл сайын 200-ден астам команда қатысады. 2000 жылдан бері жарыс 16 рет өткізілсе, соның 12-сінде ресейлік, 4-еуінде белорустық балалар жеңімпаз атанған екен. Қазақстандықтардың ең жоғарғы нәтижесі – 2013 жылғы 6-орын. Мұндай үлкен дәрежеде өтетін информатикалық олимпиадада сәтті өнер көрсеткендердің болашақта Google, Facebook, Twitter сынды танымал компанияларда жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.
Ресейлік оқушыларды студенттер арасында жыл сайын өтетін әлем чемпионатын алма-кезек ұтып жүретін сол ел университеттерінің мұғалімдері жаттықтырады. Алайда, қанша мықты дегенмен, ресейлік оқушылар биыл қазақстандық құрамаға жол берді. Чемпиондық команданың құрамында болып, алтын медаль алуға атсалысқандар: астаналық қазақ-түрік лицейінің оқушысы Санжар Бидайбек және алматылық қазақ-түрік лицейінің оқушылары Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мәдибек.
Болашақта IT саласындағы әлемнің көшбасшы компанияларында жұмыс жасауды армандайтын бұл балалар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына керемет тарту жасады деп нық сеніммен айтуға болады.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Салық кодексі: Алғашқы айдағы кіріс қандай?
Салық • Бүгін, 08:10
Шетелде сұранысқа ие отандық бастамалар
Өндіріс • Бүгін, 08:05
Берік Асылов, Бас прокурор: Бұл құжат жаңа дәуірдің іргетасына айналады
Сұхбат • Бүгін, 08:00
Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше