Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Ордабасы ауданында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде 3 балабақша ашылып, осылайша іске қосылған жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мерейлі күні Қажымұқан ауылында «Алтыншаш ана» бөбекжай балабақшасы ашылып ел игілігіне берілді. Аталған бөбекжайда 125 бүлдіршін 5 топқа бөлініп тәрбие алуда. Сонымен қатар мұнда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Осы күні Шұбарсу ауыл округінде пайдалануға берілген «Айназия» балабақшасында 6 топта 150 бала тәрбиеленбек. Заман талабына сай жабдықталған бұл балабақшада жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, Бадам ауылындағы «Алтын Орда» бөбекжай балабақшасы пайдалануға беріліп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөледі. Білім мен тәрбие ісіне өз үлестерін қосатын мектепке дейінгі мекемеде 150 балаға тәрбие алмақ. Мұнда 28 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі А.Мамытбеков ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жеке кәсіпкерлерге алғыс айтты.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша бүгінгі таңға жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті. Бүгінгі күні аудандағы 40 балабақша мен 21 шағын орталықта 6375 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылған. Бұл аудан бойынша бүлдіршіндердің 82,9 пайызын құрайды.

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:45
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:20
Қоғам • Бүгін, 09:55
Қоғам • Бүгін, 09:50
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қоғам • Бүгін, 09:45
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Қоғам • Бүгін, 09:40
Халық құрметтеген құтқарушылар
Құтқарушы • Бүгін, 09:35
Қоғам • Бүгін, 09:30
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қоғам • Бүгін, 09:25
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10
Қоғам • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:00