Жаңа ережелер мынадай болмақ:
– Ерлер мен әйелдер бәсекесіндегі белдесу уақыты – төрт минут; – Енді дзюдода тек вадзари және иппон болады. Бұрынғыдай юко деген ұпай болмайды. Юко әдісі вадзаримен теңестірілді. Екі вадзари бұрын иппон болатын, енді екі вадзари иппонға теңестірілмейді. Бұрын төрт шидо (ескерту) алған балуанға жеңіліс жазылатын. Енді жаңа ереже бойынша үш шидо алған балуан жеңілген болып есептеледі. Екі рет аяқтан ұстаса Hansoku Make, яғни бірден жеңіліс. Балуан 45 секунд ішінде шабуыл жасамаса шидо. Күрес уақыты — 4 минут; – «Алтын ұпай». Егер ұпай жоқ болса немесе тең болған жағдайда, белдесу «Алтын ұпайға» (Golden Score) жалғасады. Негізгі уақытта иеленген әрбір ұпай мен айыптар таблода қалмақ. «Алтын ұпай» шешімі жиналған ұпай мен шидо көрсеткіштері арқылы анықталатын болады; Қазіргі уақытта «Шидо» саны үшеу. Сондықтан, үшіншісі «Хансоку» жасауға мүмкіндік береді; – «Кумиката» айыпты талап етпейді; – Толықтай қорғанысқа көшкен жағдайда «шидо» көрсетілмек; Аяқтан немесе шалбардан ұстаған дзюдошы, алдымен «шидомен» жазаланса», артынша «Хансоку» жасауға мүмкіндік алмақ; Сондай-ақ, комитет қауіпсіздік жағын қатаң түрде қолға алғандай. Яғни, жарақаттың неғұрлым азайғанын басты мақсат тұтуда. Сол себепті дзюдошы күрес барысында бас, мойын және желкеге қауіп тудырған жағдайда жазаға тартылатын болады. – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері ересектер рейтингінде ұпай жинайтын болады; Бұл өзгерістердің нақты құжаттары осы жылдың соңына дейін жасалып бітпек. Одан бөлек, бұл шешімдер Халықаралық Олимпиада комитетінің қарауынан өтеді.Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:45
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:20
Қоғам • Бүгін, 09:55
Қоғам • Бүгін, 09:50
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қоғам • Бүгін, 09:45
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Қоғам • Бүгін, 09:40
Халық құрметтеген құтқарушылар
Құтқарушы • Бүгін, 09:35
Қоғам • Бүгін, 09:30
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қоғам • Бүгін, 09:25
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10
Қоғам • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:00