Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті болып Ислам Әбішев сайланды. Конгресске келген 46 елдің қауымдастық басшылары осындай шешімге келді.
«Жауапты қызметті сеніп тапсырғаны үшін алғысымды білдіремін. Астанаға келген 46 мемлекеттің федерация басшылары ойымызды қолдап, келешекте осы спортты одан әрі дамытуға ат салысатынын мәлімдеді. Біз де осы бағытта жұмыс істейміз», – деді «Дүниежүзілік Қазақ күресі» федерациясының президенті Ислам Әбішев.
Қазақ күресінің үйірмелері АҚШ, Германия және Африканың бірнеше елдерінде ашылған болатын. Енді осы спорт түрін Олимпиада ойындарының құрамына енгізу басты жоспарда тұр. Айта кетерлігі, 2020 жылы Токиода өтетін додада қазақ күресі көрсетілім бағдарламасында болады.
Бұған дейін басшылық қызмет атқарған Серік Төкеев бірінші орынбасары болады. Сонымен қатар, қазақ күресі федерациясының бас хатшысы болып Нұрлыбек Ермағамбетов сайланды.
• 13 Наурыз, 2017
Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жаңа президенті сайланды

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33