Ата заң • Бүгін, 15:18

Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жаңа Конституциясының негізгі тұжырымдарын түсіндіру мақсатында «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды

Жиынға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбет және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Аслан Кужиев қатысты.

Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ

Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, «Мемлекет – адам үшін» қағидаты және адам құқығы, бостандығы мен өмірін басты құндылық ретінде айқындайтын 1-бап мәтіні жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ құжаттың басты идеялары – білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны дамыту, табиғатты қорғау және цифрландыру бағыттарының маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Референдум 15 наурызда өтетіні, әр азамат референдумға қатысып, дауыс беруге құқылы екені аталып өтті.

Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Аслан Кужиев жаңа Конституцияны қабылдау үдерісінің ашық әрі қоғамдық қатысу арқылы жүзеге асатынын айтты.

1

«Жаңа Конституцияны қабылдау үдерісіне қоғам белсенді түрде қатысып отыр. Атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және қарапайым азаматтар өз ұсыныстарын білдіріп, пікірлерін ортаға салды. Өткен жылы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда халыққа үндеу жасап, саяси және парламенттік реформаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өткен болатын. Осыған сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, реформаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Конституциялық комиссия отырыстары ашық форматта өтіп, азаматтардың жолдаған ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Нәтижесінде Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. Осы жылдың 15 наурызында референдум өткізу жоспарланған. Референдум барысында жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі халықтың талқылауына ұсынылады. Осыған байланысты біз түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, жаңа Конституция нормаларын жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, деді Аслан Кужиев.

Соңғы жаңалықтар