Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова бастаған Сенат депутаттары Вячеслав орта мектебі және «Арнасай» жасыл технология орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Мемлекеттік органдардың, «Жасыл экономикаға және G-global-ды дамытуға арналған коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі басшылығымен және «Арнасай» жасыл технологиялар орталығы қызметкерлерімен кездесуде Б.Әйтімова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жария еткен «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жөніндегі Парламенттің қызметі туралы әңгімеледі. Сенат комитетінің басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының басымдықтарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Сенаторлар жаңа технологиялар қолданылатын орталықтың қызметімен танысты, даму келешегі белгіленді. Б.Әйтімова бұл кешен Қазақстан Президентінің Жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал тұрғысынан да, ЭКСПО-2017 көрмесінің мақсаттарын іске асыру тұрғысынан да тартымды екенін атап өтті.
Бүгінде мемлекеттік органдардың, «G-global» халықаралық хатшылығының, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және басқалардың қолдауымен құрылған жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға байланысты 25 жоба жүзеге асты. Елдегі түрлі санаттағы тұрғындарды оқытуға, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың «жасыл» технологияны іс жүзінде пайдалану жөнінде жүйелі білім алуға мүмкіндік туып отыр. Одан басқа, орталық жоспары бойынша бұл жобалар «EXPO-camp» орталығының жазғы лагері жұмысының аясында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі меймандарының назарына ұсынылады.
Вячеслав орта мектебі директорының орынбасары Елена Молешкова парламентшілерді мектеп жұмысымен таныстырды және бұл оқу орнында бюджет қаржысын елеулі түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін жасыл технологияларды енгізудегі негізгі көрсеткіштер туралы әңгімелеп, қазіргі өзекті мәселелерді айтып берді.
Кездесу барысында отандық білім берудің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері мен келешектегі дамуы туралы мүдделілік тұрғысында талқылау болды.
Б.Әйтімова жүздесуді қорытындылай келіп, оқу орнындағы жаңалықтармен сенаторлардың танысуымен қатар, тұтастай саланың жағдайынан хабардар болғанын атап өтті. Айтылған ұсыныстар біздің еліміздегі білім беру және ғылым саласындағы заңнаманы қалыптастыру барысында ескерілетіні айтылды.
Шараға Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов, Әли Бектаев, Нұрлан Қылышбаев және Төлеубек Мұқашев қатысты.

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше