Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Комиссия басқосуында Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиевтің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын атап өту бойынша жоспарланған іс-шараларға қатысты ақпараты тыңдалды. Мемлекеттік хатшы:
– Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мемлекеттік рәміздеріміз – Мемлекеттік ту мен Елтаңбамыздың қабылданғанына 25 жыл толады. Бұл – елдікті және егемендікті айқындайтын атаулы дата. Сондықтан осы мерекелер аясында Астана, Алматы қалалары арнайы іс-шаралар өткізуге тиіс. Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеудегі басты мақсат – Мәңгілік Ел мұраттарын, қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты Тәуелсіздікті қорғауға, бағалауға тәрбиелеу, – деді.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері Қорғаныс министрлігі бекітуге тиісті «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекіту туралы ұсынысты қарады. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, бұл награда ерлігімен, еңбегімен ерекшеленген әскерилерге берілуге тиіс.
– Біз бұл медальды ерлігімен, еңбегімен ерекшеленген әскерилерді – генералдар құрамын, офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды марапаттауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қорғаныс күштерінің әлеуетін күшейтуге сүбелі үлес қосқан басқа да азаматтар марапатталады. Меніңше, қатардағы жауынгерлерден бастап, генералдарға дейін әскери қызметте көзге түскені үшін өзіміздің төл ведомстволық медальды иеленгені дұрыс болады, – деді генерал-полковник С.Жасұзақов.
Мемлекет басшысы «Ел қорғаны» медалін тағайындау туралы ұсынысқа қолдау білдірген. Жаңа награда биылғы жылы аталып өтілетін қорғаныс күштерінің 25 жылдығы қарсаңында тапсырылады деп жоспарланып отыр.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
• 13 Наурыз, 2017
Ерлігімен ерекшеленгендерге – «Ел қорғаны» медалі

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Кеше