Облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде өткен қолөнер байқауына ауыл-қала мешіттерінің тыңдаушылары, қыз-келіншектер қатысты. Жалпы, мешітте күнделікті ғибратты, руханияты мол, имандылық жолындағы шарапаты мол түрлі шаралар өтіп тұрады.
Хадисте «Жақсылық жасап жарысыңдар» дейді. Ал бұл жолғы байқаудың мақсаты – ұлтымыздың асыл қазынасын сақтау, ұрпаққа мирас ету. Ұлттық ою-өрнектер, тоқыма тоқу, кесте тігу, қағаздан және басқа да материалдардан бұйымдар, қолөнер бұйымдарын жасау. Байқау барысында көз қызықтырар көрпешелер, жастықтар, кестелі сүлгілер, ою-өрнекпен зерленген орамалдар, дастарқан жаймасы мен қолдан кестеленген шыт, тоқылған кеудешелер, бас киімдер, бисермен әдіптелген әшекейлерді көрдік.
Орталық мешітке келушілер де байқауға әкелінген қолөнер бұйымдарын тамашалады. Мысалы, Сапура апа, Ақерке Тұрғынбай, Сабина Мұратқызы, Зәуре Шамсидинқызы және Әлия апайлар апта сайын мешітке келіп, қыз-келіншектерге тігіншілік, кестелеу, ою-өрнектерді оюды үйретеді. Ал Ақерке Дәуітова бисермен, Құран кітаптарына арналған түрлі тастармен әшекейленген сөмкелер жасап, байқауда екінші орын алды. Сонымен бірге, Назгүл Тортай тоқылған себет, ваза, қағаздан жасалған қобдиша ұсынып, «Қағаздан жасалған бұйым» бойынша бірінші орын алса, Гүлбахыт Қансызбай «Қазақ өрнектері» аталымында үздік деп танылды. Және де тоқыма аяқ киім – етік, туфли тігеді екен. Орталық мешіттегі Ақерке Тұрғынбай ұстаздың шәкірттері Гүлсім Аманжол, Бүлдірген Хаби, Гаухар Мұса таңғаларлық «Қазақ ою-өрнектерінде» ою ойып ерекше көзге түсті.
Мешіттің кітапханашысы Назым Шайкенова: «Жаратылыстың өзі сұлулық сыйлаған әйелдердің қиялы шексіз, ал шығармашылық қабілеттері одан да керемет!», – дейді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген
Амантай ТОЙШЫБАЙ

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше