Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық қос клуб – Қарағандының «Сарыарқасы» мен Өскеменнің «Торпедосы» қарсыластарынан басым түсіп, келесі раундқа шықты.
Қарағандыда өткен ойында «Сарыарқа» Чеховтің «Звезда» командасын қабылдап, 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Төрешінің ысқырығы естіле сала алға ұмтылған айдын иелері қарсыластарын бірден қысымға ала жөнелді. Орайы келген тұстарда қауіпті соққыларын да жаудырып жатты. Алайда, шабуылда қаншалықты сес көрсетсе де, алғашқы голды тек бірінші кезеңнің соңғы минутында салды. Ойыншы басымдығын тиімді пайдаланған қарағандылықтар Михаил Анисиннің көмегімен алға шықты.
Ойынның келесі бөлігі де дәл осы бағытта өрбіді. 30-минутта Дмитрий Желнеровский бағыттаған соққы қарсы қақпаның торынан бір-ақ шықты. Үшінші кезең «Сарыарқа» үшін аса сәтті өтті. 52-минутта Дмитрий Желнеровский ойындағы екінші шайбасын салса, араға төрт минут салып, Нериус Алишаускас есептегі басымдықты арттыра түсті. Ал 58-минутта Антон Сагадеев кездесудегі соңғы голдың авторы атанды.
«Сарыарқа» осылайша «Звезда» клубын жалпы есепте 4:1 етіп жеңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалына жолдама алды.
Осы сында «Торпедо» командасы өз айдынында «Ижсталь» ұжымымен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.
Матчтағы алғашқы шайба 14-минутта соғылды. Денис Игнашин мергендігімен танылып, шығысқазақстандықтарды алға шығарса, 28-минутта Антон Кочуров екінші шайбаның авторы атанды. Арада алты минут өткенде қонақтар сапынан Леонид Метальников есеп айырмашылығын қысқартты.
Кездесудің үшінші кезеңінде қос команда бір-бір голдан соқты. Алдымен, Талғат Жайлауов 47-минутта «Торпедоның» үшінші голын салса, 58-минутта Кирилл Князев соңғы нүктені қойды.
«Торпедо» командасы сериялы матчта төртінші рет жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37