06 Наурыз, 2017

Елбасы Ауғанстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Көшбасшылар Ауғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылғы қарашадағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын жеткізді. Атап айтқанда, соңғы уақытта өзара тауар айналымының көлемі айтарлықтай артқаны байқалып отыр. Мемлекеттер басшылары биылғы 12 ақпанда Қазақстан мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Ауғанстан жөніндегі комитеттің төрағасы екенін ескеріп, Ауғанстандағы ахуалды талқылады. Ауғанстан Президенті биыл Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысына, Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысатынын растады. Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан жағы бастамашы болды.
Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025