06 Наурыз, 2017

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме мен қайта қаржыландыру пайызын теңестірді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылғы 24 ақпанда ҚР Ұлттық Банк Басқармасының ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және базалық мөлшерлемені теңестіру тетігі туралы қаулысы қабылданды, деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Мөлшерлемелерді конвергенциялау бойынша шешім 2016 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының 2017 жылға арналған негізгі бағыттары шеңберінде жарияланды. 2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні базалық мөлшерлеменің мәніне теңестіріледі. Бұдан әрі базалық мөлшерлемені өзгерту ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін автоматты түрде және синхронды өзгертуге әкеліп соғады. Мөлшерлемелерді конвергенциялау туралы шешім экономиканың түрлі сегменттерінде ақшаның құнын теңестіру мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта ақша нарығындағы ақша құны базалық мөлшерлемемен (қазіргі сәтте – 11%) айқындалады. Бұл ретте ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің зиянды өтеу, жіберіп алған пайданы есептеу үшін өсімпұл, айыппұл есептеген кездегі азаматтық-құқықтық және әкімшілік- құқықтық қатынастарда пайдаланылатын, 5,5% мөлшеріндегі ағымдағы деңгейі ақшаның нақты құнын көрсетпейді. Бұл ретте, нарықтағы аталған теңгерімсіздікті жою үшін неғұрлым оңтайлы тәсіл таңдалғанын атап өту қажет – мөлшерлемелер арасындағы айырма ең аз болып отыр.
Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025