Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев парламентті тарату туралы бастаманы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KABAR агенттігіне сілтеме жасап. Қырғызстан президентінің айтуынша, өткен аптада парламент отырысында «Онугуу-Прогресс» фракциясының көшбасшысы Бақыт Торобаев әріптестеріне парламентті тарату туралы ұсыныс жасаған.
Қырғызстан басшысы атап өткендей, соңғы күндері парламентте Дачи-Су ауылының маңында апатқа ұшыраған «Боинг-747» ұшағындағы жүктің Атамбаевқа тиесілі екендігі және оның Кипрде оффшорлық мүлігі бар деген айып тағылуда. «Айтуларынша, борттағы жүк менікі екен. Олар осы сөздерін айқайлап айтуда, алайда өздері оның жалған екендігі жақсы біледі. Егер олар сенімді болса, неге Ыстанбұлға немесе Гонконгке барып, осы ақпаратты тексермейді және айғақтар алып келмес пе еді. Әлде қиын ба?», - деді А.Атамбаев. Сонымен қатар, президент Кипрде «оның миллиондаған қаржысы жатқан есепшоты бар» деген қауесеттің де осыған келіп саятынын атап өтті.
«Қымбатты депутаттар, қарға қарғаның көзін шұқымайды деген сөзді жақсы білесіздер. Мүмкін, шынымен Торобаевты қолдап, тарайсыздар? Немесе заңды құрметтеп, еліміздің болашағын ойлағыларыңыз келсе, халық үшін жұмыс жасаңыздар. Құдайдан қорқыңыздар! Егер сіздерге шындық қажет болмаса, ол шындық халыққа керек. Егер сіздерге тұрақтылық керек болмаса, ол халыққа қажет!», - деді Атамбаев.
• 06 Наурыз, 2017
Атамбаев парламентті тарату туралы бастаманы қолдады

Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34