Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. Ведомствоның хабарлауынша, Нұрабаев Қазақстан Республикасының территориясы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау үшін кәсіпкерлерден аса ірі көлемде пара алу үшін қылмыстық жоспар құрған.
"Бұл қылмыстық жоспарға Комитет төрағасының сенімді өкілі - орынбасары Н.Құрбанов, "Қазжерқойнауы" және "Южказнедра" РМК басшылары А.Нұржаубай мен Е.Әділханов, "Казгеоинформ" МБ басшысы А.Өтегенов, Маңғыстау облыстық геология инспекциясының басшысы Б.Мутан, сондай-ақ, Комитеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары тартылған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Б.Нұрабаевтың сенімді өкілі М.Әбдрашев (сыныптасы) сыбайласы болған делінеді.
6 наурызда Б.Нұрабаев "Акмола Голд" ЖШС өкілінен мемлекеттік жер қойнауын зерттеуге келісімшарт жасасуға көмектескені үшін кезекті рет 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Сонымен қатар, Б.Нұрабаев пен М.Әбдрашев пара ретінде 25 мың доллар болатын AUDI Q7 көлігі мен Шымкентте құны 25 мың доллар болатын 3 бөлмелі үй алған. Бұл мүліктер Әбдрашевтің ұлының атына жазылған. Сонымен қатар, оның "SKPetroleum" ЖШС өкілінен 20 мың доллар алғаны анықталған. Мұнымен бірге, ол Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарт жасасуда лоббилегені үшін тауар-материалдық құнды заттар алғаны анықталып отыр. Комитет басшысы алды делінген жалпы пара көлемі - 100 мың АҚШ доллары.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
• 06 Наурыз, 2017
ҚР ИДМ Комитетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрған - Ұлттық бюро

Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26
Референдум–2026. Онлайн-марафон
Референдум • Бүгін, 12:00
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?
Қазақстан • Бүгін, 11:37
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 11:17
Қаржы • Бүгін, 10:34