Промоутер Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) үшін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головикинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегі қаржы жағынан тиімді екендігін мәлімдеді.
«Бұл бокс кеші ұйымдастырылар болса, «Канело» кіші Флойд Мэйуезермен өткен айқасына қарағанда көбірек ақша табар еді», – деді Леффлер HBO Boxing Podcast эфирінде.
Айта кетейік, мексикалық боксшы кіші Флойдпен 2013 жылдың қыркүйек айында жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған. Forbes басылымының мәліметі бойынша осы ұрысы үшін мексикалық боксшы бес миллион доллар сыйақы алған.
Бұған дейін Головкиннің промоутері Леффлер «Канелоның» өкілдерімен жекпе-жек өткізу жөніндегі келіссөздері ортақ ымыраға келгенін мәлімдеген. Бокс кеші осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін. «Алдымен, Геннадий Джейкобсты, ал Альварес кіші Чавесті міндетті түрде жеңуі қажет», – деді промоутер.
Сауль Альварес 6 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен 164,5 фунт салмақта жұдырықтасады. Осыған дейін ол Головкинмен 160 фунтта шаршы алаңға шығудан бас тартқан болатын. Ал қазақстандық боксшы 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниел Джейкобспен (32-1, 29 КО) қолғап түйістіреді.
• 06 Наурыз, 2017
Альварес үшін Головкинмен жекпе-жек қаржы жағынан тиімді болмақ – промоутер

Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21