Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың ресейлік Юлия Чернобородоваға қарсы айқасы жайлы менеджері Сергей Завилейский пікір білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Жекпе-жек Фируза үшін оңай өткен жоқ. Юлия кәсіпқой рингке алғаш рет шығып тұрса да, оңай қарсылас еместігін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Алдағы уақытта бәрі жүйелі түрде жүзеге асса, болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Промоутері Елена Маркова өз ісінің шебері. Юлия үшін қажетті жағдайдың бәрін жасайды деп ойлаймын», – деді Завилейский.
«Фируза күмәнсіз жеңіске жетті. Тек алғашқы раунд қана тең дәрежеде аяқталды деп айта аламын. Себебі, жаттықтырушы Сергей Куйбышев қарсыласының ыңғайын біліп алмақ үшін арттық қимылдамау жөнінде тапсырма берген. Оның үстіне Шәріпова соңғы спарринг кездесуінде қарсыластарының бірімен соқтығысып қалып, мұрнын жарақаттап алған. Осыдан кейін жекпе-жекті кейінге қалдырмақ болғанбыз. Дәрігерлер жұдырықтаса алатынын, бірақ соққы жіберіп алса, қатты ауырсынатынын айтқан. Фируза алған бетінен қайтпай, шаршы алаңға шықты», – деді менеджері.
«Шәріпова үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Кезекті рет өзінің мықтылығын дәлелдей түсті. Бастысы, бір орында тұрып қалмай, күн санап деңгейі артып келеді. Ендігі мақсат – титулды айқас өткізу. Шамамен келесі айға жоспарлап отырмыз. Бірақ тағы бір айта кетерім, қаржы жағынан аздап қиналып отырмыз. Ал физикалық және моральдық тұрғыдан ол бәріне дайын. Мұрнын емдегеннен кейін жаттығуларына қайта кіріседі», – деді Сергей Завилейский.
Айта кетейік, 4 наурыз күні Фируза ресейлік қарсыласын алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген болатын.
• 06 Наурыз, 2017
Фируза Шәріпова жарақатпен шаршы алаңға шықты – менеджері

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26