Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынап жүрген Астананың «Барыс» хоккей клубы кезекті табысымен жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Челябінің
«Трактор» командасымен 1/8 финалдың алтыншы ойынында күш сынасқан жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есептің қорытындысы бойынша турнирдің
ширек финалына жолдама алды.
«Барысты» жарыстың келесі кезеңіне алып шыққан алтыншы матчта есепті қонақтар ашты. Ойынның 10-шы минутында Кирилл Кольцов дәл соққымен «Тракторды» алға шығарған болатын. Екінші кезеңнің басында «Барыстың» хоккейшісі Владимир Маркелов қарымта гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал соңғы кезеңде қонақтардың аз құраммен ойнаған сәтін ұтымды пайдалана білген астаналықтар жеңіс шайбасына қол жеткізді. Голдың авторы – Дастин Бойд (43-минут).
Сөйтіп, алты ойын қорытындысы бойынша жалпы есепте 4:2 есебімен жеңіске жеткен «Барыс» турнирдің ширек финалына жолдама алды. Енді олар 1/8 кезеңінде Қытайдың «КуньЛунь Ред Стар» командасын жарыс жолынан шығарған Магнитогорскінің «Металлург» клубымен плей-оффтың 1/4 финалында күш сынасатын болады.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26