Семейде облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен облыстық әкімдіктің көшпелі отырысы өтті. Жиынға қаланың зиялы қауымы, аудан, қала әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала мекемелерінің өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша,бүгінгі таңда Семейді дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған ауқымды жобасы 4 саланы қамтып отыр. Бұл тұрғын үй құрылысын жаңғырту, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылықты реттеу мәселелері. Соған орай барлық деңгейлі бюджеттен 113 млрд теңге қарастырылған. Жыл сайын Семейдің жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Көшпелі отырыста жаңадан салынатын «Абай Арена» кешенінің үлгісін слайд арқылы көрсетіп таныстырған облыс әкімі Даниал Ахметов былай деді:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы халықтың экономикалық әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңадан даму, жаңғырту жолдарына да арналып отыр. «Абай Арена» кешені Семейдің мәдени-спорттық, сауықтыру бағытындағы тыныс-тіршілігіне ерекше леп бермек. Бұл халықаралық талапқа сай нысан әрі 5 мың көрерменге арналған орны бар. Бізде осы кешеннің техникалық-экономикалық жобасы дайын. Құрылысы Қарағайлы шағын ауданында жүреді. Осы кешен арқылы Семей еліміздің өзге қалаларынан ерекше болып көрінетін болмақ. Бұл Семей қаласының 300 жылдығына арналып отыр. Аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.
Семей экономикасының маңызды саласы агроөнеркәсіп болып табылғандықтан, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артқан. Салада мал өсіріп, ет өндіруде асыл тұқымды малдарды өсіруге аса зор мән берілуде. «Көпежан» шаруа қожалығында тауарлы-сүт фермасы қолданысқа берілсе, «Нұр» шаруашылығында ферма құрылысы аяқталып қалды. Қала тұрғындары сенбі сайын тұрақты өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен, құнарлы әрі экологиялық таза деп саналатын жергілікті өнімдерді қолжетімді бағада сатып алып отыр.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ
• 06 Наурыз, 2017
Семейді дамытудың үш жылдық бағдарламасы қабылданды

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Бүгін, 22:33
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 21:52
Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 21:27
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47