06 Наурыз, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 28 м/с дейін жетеді, кей жерлерде түнде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 17:44

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 15:45