Халқымызда «Заманына қарай –талабы» деген мағынасы терең сөз бар. Үшінші мыңжылдық адамзат тарихындағы ең жедел даму кезеңi болғалы тұр.
Бұл даму қоғамның барлық саласын қамтып, оның сапалы өзгерicтерге батыл қадам жасауын қажет етуде. Осы тұрғыдан алғанда, елiмiздегi Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар заман талабынан туындап отырғанын түсінеміз.
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламентке келiп конституциялық реформалар және қалың көпшіліктің ұсыныстары туралы жан-жақты айтып беруі заң жобасының маңыздылығын көрсетедi. Президент әлемдегi, елдiң iшiндегi жағдайды терең бiлiп, саяси өзгерicтер қажеттiлiгiн сезiне отырып, осындай батыл кадамдар жасады. Сонымен бiрге, Президент қоғамда пiкiр қайшылығын туғызған Конституцияның 26-бабына қатысты да ұтымды ұсыныс айтты. Көпшiлiк мұны түсіністікпен қабылдады.
Парламенттiң бiрлескен отырысында Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бiрiншi оқылымда мақұлданды. Депутаттар тарапынан қосымша ұсыныстар айтылды. Iшкi icтер министрiн кызметке тағайындау және қызметiнен босату өкiлеттiгiн Президент құзыретiнде қалдыру туралы ұсыныстар жергілікті тұрғындармен кездесуде де айтылған болатын. Елiмiздiң қауіпсiздiгіне жауапты iргелi министрлiктiң басшысын тағайындау мен босатуды Президенттiң тiкелей құзыретiне беру туралы депутаттардың ұсынысын өте орынды деп санаймын.
Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсiпкерлiк комитетiндегi талқылау кезiнде сондай-ақ, заң жобасы және оны бiрiншi оқылымда қарау кезiнде берiлген ұсыныстарға қолдау бiлдiрiлдi.
Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,
Сенат депутаты

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47
Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?
Ата заң • Бүгін, 13:50
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:35
Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды
Ата заң • Бүгін, 13:21
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Медицина • Бүгін, 12:35
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады
Білім • Бүгін, 12:26