Құрылықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Астананың "Барысы" Челябінің "Трактор" командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
Қос команда осымен алтыншы кездесуін өткізді. Жанкүйерлер тартысты ойынның куәсі болды. Қос ұжым матч бастала сала алма кезек қауіпті шабуылдарымен көзге түсіп жатты. Кездесудің 10-минутында айдын иелерінің бір ойыншысы кемдігін тиімді пайдаланған "Трактор" Кирилл Кольцовтың көмегімен есепте алға шықты.
Үзілісте бас бапкер Эдуард Занковецтен жаңа нұсқаулар алған "Барыс" ойыншылары екінші кезең бастала сала алға ұмтылды. Нәтижесінде,23-минутта Владимир Маркелов таразы басын теңестірді. Ал соңғы 20 минутта жерлестеріміздің мерейі үстем болды. 43-минутта команданың бас жұлдыздарының бірі Дастин Бойд жеңісті голдың авторы атанды. Қос ұжым осыдан кейін де таблодағы есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндіктері болған, бірақ сәттілік жолдас бола қоймады.
Осылайша, алты матчта "Барыс" 4:2 есебімен келесі раундқа жолдама алды. Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалында елордалықтар Қытайдың "Кун Лунь Ред Стар" командасын жеңген Магнитогорскінің "Металлургімен" күш сынасатын болады.
• 04 Наурыз, 2017
"Барыс" плей-офф кезеңінің келесі раундына шықты

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Бүгін, 22:33
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 21:52
Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 21:27
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47