2017 жылы республика бойынша 410 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады. Бұл жайында бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде негізгі баяндама жасаған оның айтуынша, өткен жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес шағын және орта шаруашылықтарды кооперативке тарту жұмыстары қолға алынған.
«15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдайтын пункт пен 7 мың отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Толықтай алғанда, индикативті жоспарлар барлық облыстар бойынша орындалды», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, биыл жергілікті атқарушы органдар 410 кооператив құратын болады.
«Толықтай алғанда алдағы 5 жылда кооперативтер қызметімен жарты миллион жеке қосалқы шаруашылық пен шағын шаруашылықтар қамтылатын болады. Кооперативтер өнімдерді дайындауға, сақтауға және тасымалдауға көмектеседі. Бұған қоса, ветеринария мал азығын дайындау, агрохимия және өз мүшелеріне несие беруде жәрдемдеседі. Жалпы кооперативтер ауылдардың одан ары дамуының негізі болуы тиіс», – деді Айтуғанов.
• 03 Наурыз, 2017
Биыл елімізде 410 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше