6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы екінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндай ұсынысты бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жоғары заң шығарушы орган палаталарының бірлескен комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жасады. «Біріншіден, 4 наурызда Парламент палаталарының барлық тұрақты комитеттері өздерінің отырыстарын өткізуі тиіс болады. Онда бүгін депутаттар тарабынан заң жобасына қатысты айтылған ұсыныстар мен ескертулерді талқылап, бірлескен комиссияға өздерінің қорытындысын енгізеді. Екіншіден, ертең саяси партиялардың фракцияларында заң жобасын талқылауды ұсынамын. Үшіншіден, комитеттердің қорытындыларын, саяси партиялар фракцияларының шешімдерін, депутаттардың ұсыныстарын 5 наурыз күні сағат 14.00-ге дейін бірлескен комиссияға жазбаша түрде беруді ұсынамын», - деді бірлескен комиссия төрағасы. Оның атап өтуінше, бірлескен комиссия Парламент палаталарының бірлескен отырысына заң жобасына қатысты салыстырмалы кесте әзірлейтін болады. «Осыған байланысты осы жылдың 6 наурызы күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында заң жобасын екінші оқылымға шығаруды ұсынамын»,- деді Әбдіров. Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасы екінші оқылымға дейін Мәжіліс пен Сенаттың тұрақты комитеттерінде, саяси партиялардың фракцияларында талқыланып, барлық ұсыныстар бірлескен комиссияға берілетіндігін атап өтті. «Комиссия оларды жан-жақты талқылап, тиісті құжаттар әзірлейді. Содан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қарайтын боламыз. Осыған байланысты жаңа ғана комиссия төрағасы 6 наурыз күні сағат 10-да заң жобасын екінші оқылымда қарау туралы ұсыныс жасады»,- деді Нығматулин.
Саясат • 03 Наурыз, 2017
6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше