Ресейдің Балаших қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Чернобородова жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды allfight.ru.
Қос боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта шектеу қойылған 58,950 келіден аспады. Шәріпованың салмағы 58,9 кило болса, Чернобородова 58,7 килоны көрсетті.
Айта кетейік, 4 наурыз күні отандасымыз Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – Ресейдің Орталық федеральды аймағының чемпионы. Кәсіпқой боксқа алғаш рет шығайын деп тұр.
Бұған дейін Шәріпова наурыз айында титулды айқасын өткізетіндігі хабарланған. Алайда, менеджері Сергей Завилейский екеуі қаржылық қиындықтарға байланысты рейтингті жекпе-жек өткізуді жөн көріпті.
Фирузаның соңғы айқасы 24 қыркүйек күні Алматыда сербиялық Милен Матовичке қарсы өткен. Жерлесіміз екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.
Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Мәскеуде кіші Флойд Мэйуезер атындағы «Бокс академиясында» бапкер Сергей Кубышевтің қол астында жаттығып жүр.
• 03 Наурыз, 2017
Фируза Шәріпова жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше