Елбасы Н.Назарбаев Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде құрылған жұмыс тобымен оның қорытынды отырысын өткізді, конституциялық реформалар бойынша халық тарапынан түсіп жатқан ұсыныстармен танысты. Ел азаматтарынан конституцияның 63 бабына қатысты 6 мыңға тарта ұсыныс түскені белгілі болды. Бұл ұсыныстың артында қоғамның пікірі тұр. Әрбір ұсыныстың өзі маңызды. Оның барлығын жүйелеу, заңнамалық тұрғыда зерделеу – үлкен жұмыс.
Конституция дегеніміздің өзін қоғамның бірлесе отырып қабылдайтын ортақ келісімшарты деп түсіну керек. Елбасымыздың конституциялық консенсус туралы айтқаны өте орынды. Ата Заңымызға қатысты айтылған ұсыныстар қарапайым азаматтар тарапынан да, білікті сарапшылар тарапынан да талқылануда. Талқылауларға еліміздің барлық өңірі атсалысты.
Жалпы, бірқатар бап бойынша саясаткерлер емес, заңгерлер қауымы көп пікір білдіргенін байқадым. Заңгерлердің де пікірлері әртүрлі. Өз басым халықаралық шарттарды, басқа мемлекеттердің тәжірибесін шолып шықтым. Қазақстан тарапынан халықаралық 50 шарт қабылдағанбыз. Халықаралық шарттар біздің заңдарымыздан жоғары деңгейде тұрады, алайда, Конституцияның мәртебесі барлығынан да биік. Заңгерлер маңызды деген ұсыныстар бойынша әлі де жұмыс жүргізіп, өзара талқылап, өз ой-пайымдарын айтуға тиіс.
Жалпы, конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарды талқылауға бүкіл қоғам атсалысты. Екіншіден, талқылау кезінде заманауи интернет технологиялар пайдаланылды. Халықтың ұлттық сана-сезімі, қоғамның деңгейі айтарлықтай өскені байқалды.
Марат БӘШІМОВ,
заң ғылымдарының докторы, профессор

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше