Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалар менің таңданысымды тудырды. Билік тармақтары арасында басқару өкілеттіктерін қайта бөлу, президенттік бірқатар өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру сынды өзгерістер Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыруға зор ықпалын тигізетіні анық.
Нұрсұлтан Назарбаев – бүгінгі Қазақстанның архитекторы. Президенттің халыққа арнаған Жолдауын Қазақстанды жарқын болашаққа бастасам деген ізгі ниетінің көрінісі деп білемін.
Білім беру саласына ерекше көңіл бөлген Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон конвенциясына бірінші болып қосылып, Еуропа білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесіне айналды. Бұл ұлттық бағдарламаларды еуропалық стандарттарға толықтай сәйкестендіруге, біліктілік пен ғылыми дәрежелердің халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз етуге, Еуропаның белді білім ордаларымен білім беру бағдарламаларын алмасуды жолға қоюға, қазақстандық студенттерді танымал университеттерде оқытуға мүмкіндік туғызды.
Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстан баламалы энергетикаға инвестиция салудың арқасында энергетикалық ресурстарды әртараптандыруға мүдделі екендігін айқын танытты. Осылайша, Қазақстанның 2050 жылға қарай жаңғырмалы қуат көздерінен алынатын энергияның үлесін аса жоғары көрсеткішке жеткізуге деген құлшынысын қуана құптаған жөн. Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы да әлемдік деңгейде өзекті екенін атап өту керек.
25 жыл ішінде Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде жан-жақты дамыды, экономикалық өсімнің жоғары көрсеткішіне қол жеткізді. Табиғи ресурстардан түскен табыстың бір бөлігін халықтың әл-ауқатын, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, тағы бір бөлігін өнеркәсіптің өңдеуші секторына, энергетика, көлік, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы салаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіруге жұмсады.
Қазақстан Президентінің бастамасымен жүргізілген табиғи ресурстардан түскен табысты Ұлттық қорға шоғырландыру жөніндегі стратегия болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді инвестиция және тұрақты дамуға кепілдік беретін болады.
Джек ДИЛЛОН, Делфт технологиялық университетінің құрметті
профессоры (Нидерланд)

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше