Қазақ ақындарының шығармалары испан тіліне аударылды. Әдебиет тарихында тұңғыш рет Пиреней түбегінде қазақ сөзінің рухы асқақтады. XIX ғасырдан бастап бүгінге дейінгі көрнекті ақындардың туындылары енген антологияның тұсаукесер рәсімі Испанияның Мадрид қаласында өтті.
Қазақстан мен Испания арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толуына орайластырылған салтанатты шараға Испан Пен-клубының бас хатшысы, Неополитан және Малларме Париж академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа ақындары фестивалінің негізгі құрылтайшысы, аталмыш антологияның әдеби аудармасын жасаған Хусто Хорхе Падрон бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазақстанның Испаниядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев бұл жобаның екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтудағы маңызы зор екеніне тоқталды. «Антология Испаниядағы барлық кітап дүкендеріне таратылады. Бір кітаппен шектеліп қалмай, болашақта басқа да қазақ ақындарының шығармаларын аударуды, насихаттауды жоспарлап отырмыз», деді ол.
Алпыстан астам қазақ ақындарының өлеңдерін испанша сөйлеткен аудармашы Хосе Хорхе Падрон баяндама жасап, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Қасым Аманжоловпен бірге Дәулеткерей Кәпұлының да туындыларын оқып берді. «Елу жылға жуық уақыт әлем ақындарының өлеңдерін аударып келемін. Осы антологиямен жұмыс істегенде жүздеген қазақ ақынының шығармашылығымен таныстым. Шұрайлы да көркем тілдері мені бірден баурап алды. Қазақ әдебиетінің көкжиегі кең, келешегі кемел», – деп атап өтті Х.Падрон.
Тұсаукесер рәсіміне антологияны құрастырған ақындар Дәурен Берікқажыұлы мен Танакөз Толқынқызы арнайы барды. Сондай-ақ, өлеңдері антологияға енген Оңайгүл Тұржан, Алмас Ахметбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Сағыныш Намазшамова, Анар Шамшадинова, Жанар Әбсадық, Жанар Айлашевамен бірге осы жолдардың авторы да қатысты.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36