Ақпан айының басында Қазақстан Футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтіп, Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» командасы премьер-лигадан шығарылды. Бұл жаңалық біраз жанкүйердің наразылығын тудырды. Дегенмен, шешім қабылданды. Тәртіп бәріне ортақ. Енді «Алтайдың» орнына премьер-лигада «Тараз» футбол клубы өнер көрсететін болады.
Сөйтіп, былтыр ғана бірінші лигада екінші орын иемденіп, премьер-лигаға жолдама алған клубқа қатаң жаза қолданылды. Себебі, бұл ұжымда сертификаттау шарттары мен қағидалары орындалмаған. Яғни, заңды тұлғаның құрылымында футбол орталығы мен екінші лига біріншілігіне қатысатын жастар арасындағы командасы жоқ, сондай-ақ, аймақтық футбол федерациясында үш жылдық мүшелігі жоқ.
Премьер-лигадағы босаған орынды чемпионат регламентінің талаптарына сай, 2016 жылғы маусымда «өтпелі матчта» ойнаған «Тараз» футбол клубы басатын болып бекітілді.
«Алтай» командасының жанкүйерлері облыс әкімі Даниал Ахметовтен көмек сұраған еді. Алайда, аймақ басшысы мемлекеттік ресурстарды дұрыс пайдаланбады деп «Алтай» футбол клубының басшылығын айыптады.
– Былтырғы жылы біз екі клубты біріктірдік. Жаңадан команда жасақтап, жақсы қаржымен қамтамасыз еттік. Жоғары білікті бапкерді де шақырған болатынбыз. Алайда, кейін қаржы жағын тексергенде, түсініксіз жайттарды байқадық. Мемлекеттің қаржысы қайда кетіп жатқаны беймәлім. Тіпті, төлеу жүйесі де түсініксіз. Мемлекеттік ресурстарды қалай болса солай пайдаланған. Біздің осы жағдайға байланысты тағар кінәміз де бар. Бұл мәселемен айналыса бастадық. Әзірге команданы кімнің басқаратыны белгісіз. Облыстық спорт басқармасының келісімінсіз команданы жеңіске жетелеген бапкерді ауыстырып тастаған. Сондықтан құрметті жанкүйерлер, алдымен футбол клубымен, оның басшылығымен өздеріңіз айналысыңыздар. Егер мен кіріссем, бәрі басқаша болады, – дейді өңір басшысы.
Сержан Шайжүнісов басқаратын клуб басшылығы ҚФФ шешіміне қарсылық танытып, соңына дейін күресеміз деген еді. Бірақ, әзірге бұл әрекеттен ештеңе шықпайтын тәрізді. Бүгінгі күнде командаға жаңадан қосылған ойыншылардың көбісі өзге клубтарға кете бастады.
Мысалы, Семей футболының түлегі, 23 жастағы Еркебұлан Нұрғалиев «Оқжетпеспен» бір жылдық келісімшартқа қол қойып үлгерді. Сол секілді шабуылшы Жасұлан Молдақарев Қостанайдың «Тобыл» клубының жейдесін киді. Қазір «Тобылда» шабуыл шебі жоғары бәсекелестікке ие. Командада Тоқтар Жаңғылышбай, Алексей Щеткин, Джордже Деспотович бар. Енді оларға Жасұлан қосылып отыр.
Константин Заречный, Вячеслав Котляр, Дмитрий Шмидт «Ақжайық» сапында жаттығып жүр. Егер аталған ойыншылар Вахид Масудовпен тіл табыса алса, оралдықтар үшін пайдалы болары анық.
Ал 35 жастағы ардагер футболшы Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдан» кеткен соң, осы «Алтайға» келген еді. Тіпті, келісімшарт та жасасып үлгерген болатын. Жақында Нұрболдың Павлодардың «Ертісі» сапында жаттығып жүргені белгілі болды.
Француз клубы ПСЖ-ның түлегі Мохаммед Ламане Диарра Қазақстанда қалуды жөн санаған тәрізді. Ол қазір «Қайсар» командасында сынақтан өтіп жатыр. 24 жастағы әмбебап футболшы «Алтаймен» бір жылдық келісімшарт жасаған еді. Осы жағдайдан кейін оның да кетуіне тура келген сияқты. Қызылорда клубы мұнымен шектеліп қалмаған. «Алтайдың» тағы бір ойыншысы Азат Ерсәлімов те осы ұжымда сынақтан өтіп жатыр.
Бұдан біраз бұрын болгариялық төрт маман Қазақстанда жұмыс істейтін болды деген ақпарат тараған болатын. Бірақ Илиан Илиевтің келгенінен кеткені тез болды. «Алтай» аттай қалап әкелген танымал бапкер бірінші лигада жұмыс істеуге құлықты емес. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның еліне қайтып кеткені белгілі болды. Енді «Алтайды» жаңа маусымға Борис Глушков дайындайды. Футзалдан Қазақстан құрамасының экс-бапкері команданың ұңғыл-шұңғылын жақсы біледі. Өткен жылы «өтпелі ойында» «Таразды» жеңіп, «Алтайды» премьер-лигаға алып шыққан да осы Глушков еді.
Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36