Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Батырашев осы елдің Сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кездесіп, екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын алдағы 15 шілдеде мерекелеу жөніндегі екіжақты ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық елші Румынияның сыртқы саясат ведомствосының басшысына елімізде жүргізіліп жатқан билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформа туралы, Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына Жолдауының негізгі қағидалары және Елбасы ұсынған Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы жөнінде әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, тараптар алдағы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Румынияның қатысу мәселелерін, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бастамаларын, Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін талқылады.
Теодор-Виорел Мелешкану өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саяси бағыттарын және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын жоғары бағалап, олардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, министр Елбасы ұсынған конституциялық реформалар жөнінде сөз қозғай келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстары Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанның демократияландыру бағытындағы қадамдары Еуроодақ елдері тарапынан кеңінен қолдау табады. Бұл оң өзгерістер Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі жандандыра түседі.
Бұған қоса, Т.Мелешкану Президент Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшы екеніне, биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқтала келіп, экономикалық дамудың қазақстандық моделі мен елдің саяси жаңғыру қарқыны посткеңестік елдерге, әсіресе, Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерге үлгі бола алатынын жеткізді.

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58
«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15