Қазақстанның Әскери-теңіз күштері 2016 жылы жауынгерлік даярлықтың қарқындылығын 25,5%-ға және әскери корабльдердің жүзіп өтуін 35,4%-ға ұлғайтты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының ақпараты бойынша өткен жылы барлығы 3 600-ге жуық корабльді оқу-жаттығу өткізілді. 2015 жылы олардың саны 2600 құрады. Корабльдердің жалпы жүзіп өтуі 240-тан аса тәулікті құрады, яғни, әскери теңізшілер теңізде шамамен 5800 сағат өткізді.
Жалпы алғанда, 2016 жылы әскери теңізшілер 30 мыңнан аса миля жүзіп өтті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 48,3 пайызға көбірек болып отыр. Жедел дайындық шеңберінде Әскери-теңіз күштері бір жыл бойы оның ішінде, Ақтау Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерін, сондай-ақ, өзге де әскер түрлері мен әскер тектерінің құрамынан жедел топтарды тарта отырып, жедел-тактикалық жиындар, командалық-штабтық жаттықтырулар, командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді. Жауынгерлік даярлықта қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелер мен корабльдердің үйлесімділігіне жіті назар аударылды.
2016 жыл Әскери-теңіз күштерін инфрақұрылымын дамытуда айрықша оқиғаға толы жыл болғанынан айта кеткен жөн. Ақтауда әскери корабльдер мен кемелердің тұрақтауына арналған алғашқы пирс ашылды. Оралда отандық «Зенит» зауытында құрастырылған арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы арнайы катер суға түсірілді. База су айдыны, кемежай, кеме жолы мен Каспийдің жаға маңындағы бөлігінде минаға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін жарақтандыруға «Алатау» мина-тартқыш кораблі келіп түсті.
Ал Каспий теңізінің суасты су айдынын, сүңгуірлердің жаттықтыру керек-жарағын күзету үшін тұңғыш рет Әскери-теңіз күштеріне «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ қазақстандық кәсіпорнында дайындалған мобильді сүңгуір кешені жеткізілді. Аталмыш кешен КАМАЗ автомобильдерінің базасында орналастырылды. Оның құрамына сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету құралдары бар модуль, ашық және тұйықталған үлгідегі тыныс алу аппараттары және теңізде жұмыс жасауға арналған жылдам жүзетін қайықтар кіреді.
• 31 Қаңтар, 2017
2016 жылы әскери теңізшілер теңізде 5800 сағат өткізді

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын
Референдум • Бүгін, 09:45
Қай өңірлерде жолдар жабық тұр?
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:25
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Шаруашылық іріленбей, ауыл көркеймейді
Экономика • Бүгін, 09:00
Конституциялық реформа: Сенаторлар өңірлерге барады
Саясат • Бүгін, 08:58
Жекеменшік мектеп: Сапа жүйелі менеджментке тәуелді
Білім • Бүгін, 08:55
Отбасы құндылығы – бұлжымас қағидат
Ата заң • Бүгін, 08:53
Жаңашыл ұстаздың «Сыр сандығы»
Ұстаз • Бүгін, 08:50
Саясат • Бүгін, 08:48
Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам
Қоғам • Бүгін, 08:43
Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе
Тарих • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38