Еліміздің болашағына бағытталған ауқымды іс-шараға қолдау білдіріп жатқандар арасында танымал тұлғалар да бар. Солардың бірі – шахматтың блиц түрі бойынша әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.
Шахматшы ару елімізде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамай, азаматтық ұстанымын білдіріп, жаңашылдықтарды қолдайтынын жеткізді.
«Қазақстанды әлемдік ареналарда таныстырып жүрген спортшы ретінде мен еліміздің дамуы мен прогреске сенемін және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағына бағытталған реформаларды қолдаймын», деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалиция құрылып, комиссия мүшелері халыққа заңдағы өзгерістерді түсіндіріп жүр.