Жабық жолдар
Батыс Қазақстан облысы
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 195-246-шақырымы (Сырым бекеті – жол полициясы бекеті);
• «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 189-375-шақырымы (Чапаев ауылы – Атырау облысы шекарасы);
• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 375-492-шақырымы (Чапаев ауылы – Орал қаласы);
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 273-526-шақырымы (Барбастау ауылы – Ақтөбе облысы шекарасы).
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 526-610-шақырымы (БҚО шекарасы – Қобда ауылы);
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым бекеті)» автожолының 610-702-шақырымы (Қобда ауылы – Маржанбұлақ ауылы);
• «РФ шекарасы (Жайсан бекеті) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы бекеті)» автожолының 0-77-шақырымы (Жайсан бекеті – «Эко Ойл» жанармай құю бекеті);
• «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет бекеті)» автожолының 39-136-шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекара бекеті);
• «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» автожолының 776-965-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);
• Осы жолдың 965-1240-шақырымы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолының 11-104-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш);
• Осы жолдың 104-337-шақырымы (Қандыағаш – Атырау облысы шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Сағыз ауылы);
• «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 178-189-шақырымы (Индер ауылы – БҚО шекарасы).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы (Жайсан) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы)» автожолының 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сондай-ақ сағат 09:00-де кейбір республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс ашылды:
Абай облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).