бұған қоса орталық операция учаскесі де жаңартылды
Өңірде алғашқы сәлемдемелер супермаркеті мен жаңартылған орталық операция учаскесі бой көтерді. Оның ашылуына «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қатысып, құрылымдық бөлімшелерге автокөлік кілттерін табыс етті.
Сәлемдемелер супермаркеті өздігінен қызмет көрсететін жаңа форматтағы интуитивті сервис болып табылады. Клиенттің кезекте тұрмай-ақ қолайлы уақытта сәлемдемені алу секілді артықшылықтар қарастырылған. Ол үшін операторға трек-нөмірін немесе СМС хабарламасына түскен ұялы телефонның нөмірін ұсынса жеткілікті. Сондай-ақ, сәлемдемені өздігінен кез келген мекенжайға жіберу мүмкіндіктері де ойластырылған.
Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Ерік Хамзаұлы өңірде филиал жеті жүзге жуық елді мекенді қамтитынын, соңғы жылдары байланыс саласының материалдық-техникалық базасы нығайып, халыққа қызмет көрсету сапасының жақсара түскенін жеткізді.
Б.Мусиннің айтуынша, бүгінге дейін жүзге жуық жергілікті пошта бөлімшелері жаңғыртылса, жыл аяғына дейін тағы 400-дей супермаркет ашылатын болады.
Жаңартылған орталық операция учаскесінде пошталық, қаржылық қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалар, өзіне-өзі қызмет ету, ақша аударымдары залдары орналасқан.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30