Ақшаның буы құндылықтар бағамынан асып түсіп жататынына күйінесің. Мұның сан-алуан мысалын көріп те жүрміз. Етіміз үйреніп кеткендей. «Апыр-ай» дейміз де қоямыз. Қоғамдық ықпал, пікірдің орнын құқық қорғау органдары қашанғы толтырар екен. Соған қарамастан, жас талғамайтын қылмыс жасқанар емес. Күрес аяусыз жүріп жатыр. Бір жақты. Сондықтан, бұл шын мәніндегі жеңіс емес.
Қоғамның үні құлаққа жете бермейтінінен қылмыстың сипаты да түрленіп барады. Енді халық тарихы тұнып тұрған Бурабайдағы Абылай хан алаңына ауыз салушылар табылып отыр. Бұл алаңның рухани өміріміздегі маңызын, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айтып жатудың өзі артық. Бұл – ел Тәуелсіздігін әспеттеудегі ерен ескерткіштің бірі және бірегейі. Көркем өңірдің төріндегі алаңның құндылықтарын ашып көрсетудің танымдық ғажайыптары көңіл өсіруде. Өзімізді былай қойып, әлемнің бар қиырынан келіп жататын қонақтар мен туристерге жасалып жатқан қолайлылық мақтаныш сезіміне бөлейді. Мұндағы әжім тастар мен мәңгі жас қарағайлардан таусылмас сыр төгіледі. Мұнда қиянатқа жол жоқ.
Қиянат жасалды. Өткен жұманың соңы. Алаңды самаладай жарыққа бөлеп тұрған бағаналардағы диодты шамдар ұрланған. Шығынның құны 900 000 теңгеге бағалануда. Қылмыскер айхай дейтін 25 жаста. Жалғыз болмауы да мүмкін. Оларды ауыр жаза күтіп тұр. Мәселе, мұнда да емес. Абылай хан алаңының шамы ешқашан сөнбейді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30