Қазақстандық бизнес мемлекет және үкіметтік емес ұйымдармен белсендірек жұмыс істеу керек. Мұндай пікірді ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев білдірді. Осы орайда тиімді үшжақты серіктестік жүйесін орнату қажет, деп жазады primeminister.kz.
Бүгінде ҚР-да осындай өзара іс-қимылға арналған жаңа алаң бар – бұл Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығы. Орталық қызметі аясында бизнес ҮЕҰ-ға түрлі гранттар бере алар еді. Соған байланысты арнайы орындарда бизнестің ҮЕҰ-мен әлеуметтік серіктестікке қатысуына мониторинг жүйесін ұйымдастыру өте маңызды.
Жалпы, мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу деңгейін әрі қарай арттыру мақсатында бірқатар жүйелік шараларды іске асыру ұсынылады.
Мысалға, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірлескен жобаларының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерінің сапасын арттыру бағытында жұмыстар атқарып, жобалардың тақырыптамаларын қалыптастыру үдерісіне ҮЕҰ-ды белсендірек тарту керек, сонымен қатар, әлеуметтік жобалардың салалық бағыттылығын кеңейту қажет.
Министрлік азаматтық сектор мәселелері жөніндегі қолданыстағы нормативтік базаны тексерумен айналысуда. Анықталған кемшіліктерді ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, бақылау және бағалаудың, ҮЕҰ қызметтерін стандарттаудың нақты құқықтық тетіктерін әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ҮЕҰ-мен бірге Грант беру ережелеріне өзгерістер әзірленіп жатыр. Орталық мемлекеттік органдарды тақырыптамалар мен қаржыландыру көлемін қалыптастыруға тарту, ал жергілікті атқарушы органдарға өңірлік ҮЕҰ үшін гранттық қаржыландыру құқығын бөліп беру ұсынылуда.
Министр ҮЕҰ-дың шағын қалалар мен ауылдардағы тұрақтылығына ол жерлерде ақпараттық-ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болатынын айтып өтті. ҮЕҰ сарапшыларының пікірінше, облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында ҮЕҰ мен бастама білдіруші азаматтар үшін қызметтердің кең спектрін ұсынатын консалтингтік орталықтар құру қажет. Осы орайда әкімдіктерге «бір терезе» қағидасы бойынша Азаматтық орталықтар ашу үшін бос ғимарат тауып беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Олардың қызметін үйлестіру Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығының тарапынан жүргізілуі мүмкін.
Бұдан өзге, бизнес-қоғамдастықтарды әлеуметтік серіктестікке кеңінен тарту үшін мемлекет, бизнес және «АСАР» ҮЕҰ арасында үшжақты алаң құру ұсынылады. Форум форматын еліміздің түрлі өңірлерінде жыл сайынғы негізде өткізу қажет. Аталған алаңның басым бағыттарының бірі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болады.
• 24 Қаңтар, 2017
Бизнес мемлекетпен белсендірек жұмыс істеу керек - Ермекбаев

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15