Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаның 2016 жылғы жұмысының қорытындылары, республикалық бизнес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндады.
Елбасы бизнесті қолдау жөнінде Үкімет мақсатты түрде тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
"Заңнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жоспарлы тексерістер алынып тасталды. Кәсіпкерлер заңнамалық үдерістерге белсене атсалысып келеді, бұл елдің ішкі жалпы өніміндегі бизнестің үлесін арттыруға ықпал етуге тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет қабылдап жатқан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды.
"Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауға бизнестің жауап беретін кезі келді. Азаматтарды кәсіпкерлік саласына тұрақты түрде тартып, ел экономикасындағы олардың үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі ішкі жалпы өнімнің 25%-ын құрап, онда 3 миллионнан астам адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жылы 11,2 трлн теңгенің өнімі өндірілген, бұл – 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6%-ға артық.
Сонымен бірге, басқарма төрағасы Елбасының тапсырмасы бойынша рұқсат беру және бақылау-қадағалау саласында ревизиялық жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның нәтижесінде рұқсат беру құжаттары айтарлықтай азайтылып, жоспарлы тексерістер алынып тасталды.
"Бас прокуратурамен, Парламент депутаттарымен бірлесіп, қазір шағын және орта бизнес қызметінің түрлі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қайта қарастырудамыз", – деді А.Мырзахметов.
Бұдан бөлек, Ұлттық палата басшылығы отандық кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландыру және тиімдірек ете түсу үшін мобилді қызметтер қалыптастыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
• 23 Қаңтар, 2017
Елбасы: Мемлекеттің қамқорлығына бизнестің қайтарымы болуы керек

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00