ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін кезде ішкі істер органдарының қызметкерлері, ІІМ оқу орындарының курсанттары, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері - барлығы 9 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалауға және қауіпсіздікті сақтауға жұмылдырылады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта көрме кешенінің аумағында нысандардың құрылысы және пайдалануға тапсыру кезеңінде елордалық ІІД 100-ден аса қызметкері, Ұлттық ұланның жауынгерлері қауіпсіздікті тәулік бойғы режімде қамтамасыз етуде. Оларға бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру және жаяу патрульдеу қызметтері жүктелген.
Көрме қалашығында учаскелік полиция бекеті жұмыс істейтін болады. Онда 6 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады.
Сонымен қатар, көрменің логистикалық орталығы да қолданысқа енгізіледі. Онда автокөліктерді тексеру екі мобильді инспекция-тексеру кешенімен жүргізіледі. 16 полиция қызметкері кіретін кешендердің персоналы арнайы оқытылды. Соның ішінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да дайындықтан өтті.
Сонымен бірге, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында қала маңын қоса алғанда тағы да екі мыңнан аса бейнекамера орнату жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні елордада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы бар. Бұл тәртіп сақшыларының қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Сонымен бірге, 80 көше қиылысында, 50 желілік учаскеде фото және бейнетіркеу кешендерін орнату көзделген.
• 23 Қаңтар, 2017
Астанада ЕХРО-2017 қарсаңында 2 мың бақылау камерасы орнатылады

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15