Кеше елордада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесіп, тараптар Астанада өтетін Сирия Араб Республикасының үкіметі мен сириялық қарулы оппозиция арасындағы ахуалды реттеу жөніндегі халықаралық кездесу жайын талқылады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Стаффан де Мистура БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің атынан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сириялық келіссөздер үшін алаң ұйымдастырғанына ризашылығын білдіріп, БҰҰ-ның Астанадағы кездесу идеясын бірінші болып қолдағандығын атап өтті. Ал Қайрат Әбдірахманов өз кезегінде Қазақстан БҰҰ-ны Сирия бойынша келіссөздерді ұйымдастыру процесінің жетекші қатысушысы ретінде қарастыратындығын және Астанада өтетін кездесу Женева бейбіт келіссөздерінің кезекті раундына дайындық барысына оң үлес қосатындығына тоқталды. Сондай-ақ, олар кездесуге дайындықтың іс жүзіндегі ұйымдастырушылық аспектілерін жан-жақты талқылап, сириялық жанжалды реттеу бойынша белсенді күш-жігерді жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Әңгімелесу барысында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ-ның арнаулы елшісіне еліміздің бітімгершілік бастамалары мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезіндегі қызметінің басымдықтарын таныстырды.
Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов осы күні Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясы және Түркия Республикасы делегацияларының басшыларымен де кездесіп, Астанадағы сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге дайындықтың түрлі аспектілерін талқыға салды.

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00