Жақында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Үздік батальон командирі», «Батальонның үздік штаб бастығы» және «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Үздік офицерлерді анықтауға арналған байқау олардың жыл бойғы атқарған жауынгерлік қызметтерінің нәтижесінде жүргізілген болатын. Биыл додаға Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарында ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңінен өткен 16 офицер қатысты. Оған қатысушыларға қойылған басты талап Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің лауазымы бойынша біліктілік талаптары мен білім деңгейіне толықтай сай келуі болды.
– Бұл байқаудың нәтижесінде, біздің сардарларымыздың дайындық деңгейін саралауға мүмкіндік туады. Әскеріміз үшін үздік командирлер буынын анықтап, олардың қарым-қабілеттерін одан әрі арттыру – маңызды іс. Осы арқылы ең жақсы деген мамандарымызды таңдап, әскеріміздің болашақ басшылығы үшін кадрлық резервін қалыптастырамыз, – деп атап өтті жүлдегерлерді марапаттаған Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.
Аталған байқау соңғы үш жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді. Шараның негізгі мақсаты – бөлімшелердегі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерді жетілдіру, офицерлердің командирлік дайындық деңгейін арттыру, батальон звеносы бойынша лауазымдық тұлғалардың кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру, озық тәжірибелермен алмасу, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің беделін қалыптастыру.
Осы күндері байқауға қатысушылар саптық, тактикалық және дене шынықтыру дайындықтары бойынша нормативтерді, ату және атысты басқарудан сынақтар, сонымен қатар, жалпы әскери жарғы талаптарын білуден емтихан тапсырды. Байқауда жүлделі орындарға қол жеткізген жеңімпаздар Бас қолбасшылық тарапынан дипломдар, грамоталар және ақшалай марапаттарға ие болып қана қоймай, Ұлттық ұланның командалық звеносының кадрлық резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға көтермеленіп, ұсынылатын болады.
5571 әскери бөлімінің батальон командирі майор Бағытжан Баламбаев (Алматы қаласы):
– Ұлттық ұлан сапында 2000 жылдан бері қызмет атқарып келемін. 2008 жылы аталған байқауға қатысқан болатынмын. Осы жолы бабым мен бағым жанды, үздік атанып отырмын. Бас қолбасшының қолынан үздік деген марапатымды алдым. Әрине, бұл маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді сенімді ақтауға, осы үздік межеден түспеуге, тек биікке ғана ұмтылуға тырысуым қажет. Оған мен дайынмын, – деді.
Сөйтіп, «Үздік батальон командирі» аталымы бойынша Б.Баламбаев үздік деп танылса, «Үздік батальон штабы бастығы» аталымы бойынша капитан Бақытнұр Тажбеков (5511 ә/б, Семей қ.) бірінші орынды жеңіп алды. Ал майор Константин Стрелков (6654 ә/б, Қаракемер) «Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары» аталымы бойынша бірінші орынға қол жеткізді.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00