Мемлекеттік сектор экономиканы тікелей инвестициялаудағы өз қатысуын азайтты. 2016 жылы негізгі капиталға бюджеттік инвестициялар көлемі 7%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, жалпы инвестициялық қоржын 10%-ға өскен, деп жазды finprom.kz.
Жалпы инвестициялар көлемінің үштен екі бөлігін меншікті бизнес қаражаты құраған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, негізгі капиталға бюджеттік инвестициялар көлемі 7,7 триллион теңгеден асты. 5,3 триллион теңге сомасына жаңа негізгі қорлар қолдануға берілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Мемлекеттік инвестициялардың үлес салмағы 18-ден 15 пайызға дейін қысқарған.
Инвестициялардың негізгі көлемін, шамамен үштен екі бөлігі - 4,7 триллион теңгені бизнес өз есебінен қамтамасыз еткен. Көлемі бойынша, екінші инвестициялау көзі - қарыз қаражаты 1,4 триллион теңге, жылдық өсімі - 14,8%. Шетелдік инвестициялардың экономикамызға үлес салмағы жалпы қоржынның 30%-ын (2,3 триллион теңге) құраған. Өсімі - 10,4%.
• 20 Қаңтар, 2017
Мемлекеттік сектор экономиканы инвестициялауды қысқартты

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше