2018 жылдан бастап Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет енгізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту - экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқат пен азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірден-бір шарты болып табылады. Қазақстанда Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы қабылданған. Оның негізіне Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясында бекітілген муниципиалдық демократия мен муниципиалдық басқарудың жалпыға бірдей танылған құндылықтары салынған», - деді ведомство басшысы.
Осы тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту екі кезеңге бөлінген:
Бірінші кезең (2013-2014 жылдар) - басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту;
Екінші кезең (2015-2020 жылдар) - жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту.
«Сіздерге ұсынылып отырған Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөнінде заң жобасында (бұдан әрі-заң жобасы) жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет процесі мен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейту көзделген. Заң жобасымен Бюджет, Салық және Азаматтық кодекстерге, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», - деді министр.
• 18 Қаңтар, 2017
2018 жылы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет енгізіледі

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше