Қазақстан • Бүгін, 09:40

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі учаскелерде қозғалыс шектелді:

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965-шақырым (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

осы автожолдың 965-1153-шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті – Ырғыз ауылы);

 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 11-337-шақырым (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

«Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 337-346-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Абай облысы

 «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы (Бақты бекеті)» автожолы, 0-75-шақырым (Таскескен ауылына бұрылыс – «Алматы – Өскемен» автожолынан Үржар ауылына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Соңғы жаңалықтар