Қуаты 1 эксафлопсты құрайтын қытайлық суперкомпьютердің прототипі осы жылдың соңына таман таныстырылуы мүмкін. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Өткен жылдың қараша айында Қытай мамандары әлемдегі қуаты күшті компьютердің прототипін жасауға кіріскені белгілі болған.
Қытай Халық Республикасының есептеу техника және технологиясы ұлттық зерттеу орталығының инженері Чжан Тин компьютердің дайын есептік жүйесі тек 2020 жылы ғана шығатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде жетекші мамандардың оң бағасына ие болған Sunway TaihuLight-тен оның күші 200 есе жоғары болмақ.
Өткен жылдың қараша айында Sunway TaihuLight қуаты жоғары 500 компьютердің рейтингінде кезекті рет көш бастады. Бұған дейін 2016 жылдың маусым айында бірінші орыннан көрінген. Оның есептеуіш жылдамдығы 93 петафлопсты құрайды. Маусымдағы көрсеткіште екінші орынға тағы бір қытайлық «Тяньхэ-2» компьютері орналасты. Оның есептеуіш жылдамдығы – 33,9 петафлопс.
Айта кетейік, Sunway TaihuLight 10,65 миллион ядродан, 41 мың түйіннен тұрады. Ал осы жылдың соңына таман прототипі таныстырылатын компьютер Аспанасты елінің есептеу техника және технологиясы ұлттық зерттеу орталығы дайындап жатыр.
• 17 Қаңтар, 2017
Қуаты ең жоғары компьютер биыл таныстырылуы мүмкін

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше