Астанада жарықтандырудың «ақылды» жүйесі іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Астана көшелерінің ерекше жобасы "Astana Innovations" АҚ компаниясымен әзірленді. Жоба жарықдиодты шамдар орнату мен көшені жарықтандырудың «ақылды» жүйесіне көшу арқылы энергия үнемдеуді арттырып, оған жұмсалатын шығындарды азайтуды көздейді.
Жоба аясында натрий шамдарды заманауи жарықдиодты шамдарға алмастыру жоспарланған. Қуаттылығын реттеуге болатын шамдардың жалпы саны 25 мыңнан кем болмайды. Жобаға 4 млрд теңге көлемінде инвесторлардың қаржысы тартылмақ. Астаналық коммуналдық шаруашылық басқармасы жеке әріптестерді тарту бойынша байқау жариялау үшін қажетті құжаттар әзірлеуде.
Жоба авторлары көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын пайдалануды шамамен 50 пайызға азайтып, ақылды жүйенің көмегімен шамдарды қолдануға жұмсалатын қаражатты қысқартады деп отыр.
Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру бағаналарында «Заттар Интернеті (IoT)» «ақылды» сервисі енгізілмек. Бұл сервисті іске асыру өзге есептегіштерден мәліметтер жинау үшін бірыңғай сымсыз жүйе, ақпараттық кесте, авариялық көмек түймесі (SOS), фотобейнетіркеу, көлік құралдары ағынын мониторингтеу, қоршаған ортаны мониторингтеу және бақылау, Wi-Fi сынды сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, қаланы жарықтандыру мен қосымша сервистер бұл жобаны Smart Astana жалпықалалық жобасының негізгі бағыттарының бірі етері сөзсіз.
Astana innovations компаниясының мамандарының айтуынша, жоба биыл іске қосылады. Байқау қорытындысы бойынша инвестормен мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойылмақ.
• 17 Қаңтар, 2017
Астанада жарықтандырудың «ақылды» жүйесі іске қосылады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026