«Балқаш нан» комбинаты ұжымы түрлі байқауларда жеңістерге жетіп, үнемі мерейі үстем болып келеді.
– Біздің кәсіпорын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Елбасы қол қойған «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды, бұл өте айтулы оқиға деп білеміз. Сонымен бірге, бұл Балқаш наубайханашыларының еңбегіне берілген жоғары баға әрі үлкен жауапкершілік, – дейді «Балқаш нан» комбинатыны директоры Айгүл Бүрленова. – Бүгінгі күні біздің кәсіпорын тек Балқашты ғана емес, қалаға іргелес жатқан кенттердің және Қарағанды, Алматы мен Астана қалаларының тапсырыстарын орындайды. Болашақта кәсіпорынның қуаты артпақ. Соған сәйкес осы өнімдермен тәуелсіз еліміздің өзге де өңірлерін қамтамасыз ету көзделуде. Мақсатымыз – Балқаш наны маркасының танымалдығы артып, бүкіл Қазақстанға белгілі болса дейміз.
Бүгінгі күні кәсіпорын 85-тен астам нан-тоқаш өнімдерін өндіреді. Жаңа технологияны пайдалана отырып, зауыт адам денсаулығына пайдалы диеталық және жоғары сортты нан өнімдерін шығарады.
«Балқаш нан» комбинаты әлеуметтік бағдардағы кәсіпорын ретінде аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетеді. Қала көлемінде өтетін қайырымдылық акцияларына ұдайы қатысып, Балқаш қаласындағы балалар үйін нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Күн сайын мұқтаж жандарға арналған дүкен арқылы нан өнімі тегін беріледі.
Зауыттың іске қосылғанына көп болмаса да, Балқаш нан зауытының жетістіктері аз емес. Өткен жылы зауыт ұжымы Ортаазиялық халықаралық «WorldFood Kazakhstan 2016» көрме аясындағы жылдың ең үздік нан және кондитерлік өнімдері байқауында «Жыл таңдауы» деген жоғары марапатқа ие болған еді. Сондай-ақ, екі үшінші орынды иеленіп, «Өнімнің ең жоғары сапасы үшін» медалімен марапатталған болатын.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026