Алдағы күндері Алматыда басталатын Универсиадаға жұртшылықты көптеп тартудың бір жолы – ұтыс ойындары. Ендеше, жанкүйерлер жарыстар басталмай жатып-ақ, күтпеген қуаныштарға кенеле бастады.
Сонымен, үстіміздегі жылдың 11 қаңтарына дейін Универсиада-2017 ойындарына сатып алынған билеттер арасында өткізілген ұтыс ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Енді бағы жанған 12 адам Универсиада ұйымдастырушылары мен Қысқы ойындардың ресми серіктестерінен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Арнайы ұтыс ойынының бірінші кезеңінде ұтқан билеттердің тізімі 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ресми сайты мен Facebook парақшасында жарияланды.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 2016 жылдың 20 желтоқсанында басталған жүлделердің ұтыс ойыны екі кезеңде өткізіледі. Универсиада аясындағы спорттық оқиғаларға билет сатып алған жасы 18-ден асқан кез келген Қазақстан азаматы ұтыс ойынға қатыса алады. Ұтыс ойын сатып алынған билеттің бірегей тоғыз таңбадан тұратын нөміріне қарап өткізіледі. Шақыру билеттері және құны жоқ билеттер ұтыс ойынға қатыса алмайды.
Ал 2017 жылдың 8 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің барлығы ұтыс ойынның екінші кезеңіне қатысады. Екінші кезеңде Саппородағы Азия ойындарына 2 саяхат, сондай-ақ, «Базис-А» корпорациясының ұсынып отырған супер жүлдесі – «Алмалы» тұрғын ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады.
«Алмалы» тұрғын ауданы «Базис» құрылыс компаниясы салған Универсиаданың бас нысаны – Almaty Arena мұз сарайының қарсы жағында орналасқан. «Базис-А Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Павел Белович «Almaty Arena мұз сарайын салып жатқан кездің өзінде біз дамып жатқан ауданның әлеуетін байқап, Универсиада бас нысанының қарсы жағында жаңа әрі жайлы тұрғын ауданын салу жөнінде шешім қабылдадық. Оның үстіне, халықаралық жарыстарға билет сатып алғандар арасындағы ұтыс ойын кезінде бас жүлде ретінде «Алмалыдағы» пәтерді ұсыну айрықша мәнге ие болады деп есептедік», дейді.
Сондай-ақ, Универсиада аяқталғаннан кейін алматылықтар мен «Алмалының» тұрғындары Almaty Arena мұз сарайында хоккей, мәнерлеп сырғанаумен қатар, жүзу, көркем гимнастика, бокс, күрес секілді тағы да басқа көптеген спорт түрлерімен шұғылдана алатын болады.
Универсиада-2017 ойындарына билеттерді almaty2017.kz, ticketon.kz, kassir.kz, fisutickets.com сайттарында, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларының кассаларында сатып алуға болады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026